Accessibility links

АҚШ күштері Жерорта теңізінен ИМ экстремистік тобына соққы берді


АҚШ-тың «Гарри Трумэн» ұшақ тасығыш кемесі.

АҚШ-тың «Гарри Трумэн» ұшақ тасығыш кемесі.

Жерорта теңізіндегі АҚШ-тың «Гарри Трумэн» ұшақ тасығыш кемесінен әуеге көтерілген әскери ұшақтар «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы позицияларын шабуылдаған. Бұл туралы Reuters агенттігіне АҚШ әскери-теңіз күштері өкілдері хабарлаған. Олардың айтуынша, 2003 жылғы Ирактағы соғыстан бергі кезеңде Таяу Шығыстағы нысаналарға Жерорта теңізіндегі ұшақ тасығыш кемеден алғаш рет соққы берілген.

АҚШ кемесі Суэц каналы арқылы Жерорта теңізіне кірісімен әскери ұшақтары әуеге көтерілген. АҚШ қарулы күштері нақты қай жерде қандай нысанаға соққы бергені туралы әзірше хабарлаған жоқ.

АҚШ әскери-теңіз күштері өкілі тек ұшақ тасығыш кеме бір аймақтан екінші аймаққа өткен кезде де әскери міндетін мүлтіксіз атқара алатынын көрсеткенін айтқан.

«Гарри Трумэн» және өзге де кемелері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте АҚШ-тың негізгі күшін құрайды. Олар франциялық «Шарль де Голль» ұшақ тасығыш кемесімен бірге америкалық 5-флоттың жедел іс-қимыл аймағында қызмет атқарып жүр.

XS
SM
MD
LG