Accessibility links

Лавров: ЕҚЫҰ бақылаушыларының Шығыс Украинада тапаншамен жүруіне рұқсат етеміз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Украинаның шығысындағы халықаралық бақылаушылардың қару ретінде тапанша алып жүруіне рұқсат беруге әзір деп мәлімдеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жергілікті сайлаулардың қауіпсіз жағдайда өтуіне кепілдік беру үшін Украинаның шығысына қарулы полиция миссиясын жібергісі келетіні туралы мәлімдеген еді.

Шығыс Украинадағы жанжалды реттеу туралы Минск келісімдеріне сәйкес, ол аймақта жергілікті сайлау өтуі тиіс.

Ресейлік «Вести» телеарнасына сұхбатында Лавров Ресей жанжал аймағындағы сызық бойында және қару-жарақ сақталатын жерлерде ЕҚЫҰ бақылаушыларының өз-өзін қорғау мақсатында тапаншамен жүруіне келісім береді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG