Accessibility links

Пекинде Тяньаньмэнь алаңы маңында қауіпсіздік шарасы күшейтілді


Тяньаньмэнь алаңында тұрған полиция қызметкерлері. Пекин, 4 маусым 2016 жыл.
Тяньаньмэнь алаңында тұрған полиция қызметкерлері. Пекин, 4 маусым 2016 жыл.

Қытайда демократия орнатуды талап еткен студенттер шеруін қанға бөктірген оқиғаға 27 жыл толған күні ел астанасы Пекинде Тяньаньмэнь алаңының төңірегінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Associated Press агенттігінің ақпараты бойынша, полиция Пекиннің орталығындағы үлкен алаңға келген әркімнің жеке бас құжаты мен сөмкелерін тексерген. 1989 жылы дәл осы алаңға жиналған мыңдаған студент, жұмысшы және қарапайым азаматтар елде саяси реформалар жүргізуді талап еткен еді.

1989 жылы маусымның 4-іне қараған түні Пекинге кірген әскерилер мен танкілер шеруді күшпен басып, салдарынан жүздеген, кейбір деректер бойынша мыңдаған адамды өлтірген.

Тяньаньмэнь алаңындағы сол оқиға Қытайда әлі күнге дейін тыйым салынған тақырып саналады. Сонымен бірге, елде билікке бағынбаудың кез-келген түріне де тыйым салынған.

Қайғылы оқиға болған күннің қарсаңында 27 жыл бұрынғы шеруде қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне қосымша шектеулер қойылды: оларға үйден шығуға тыйым салынды немесе олар Пекиннен кетуге мәжбүр болды.

Қытай үкіметі 1989 жылғы оқиғаға тәуелсіз тексеру жүргізу туралы ұсыныс, талаптарды қабылдамай тастаған.

XS
SM
MD
LG