Accessibility links

АҚШ өкілі Еуропаны Ресейге қарсы санкцияны сақтауға шақырмақ


АҚШ қаржы министрінің терроризммен күрес және қаржы барлауы жөніндегі орынбасары Адам Шубин.

АҚШ қаржы министрінің терроризммен күрес және қаржы барлауы жөніндегі орынбасары Адам Шубин.

Вашингтон Берлин мен Парижге жұмсап отырған АҚШ-тың арнайы өкілі Адам Шубин «Ресейге қатысты санкциялық қысымды қолдаудың маңыздылығына» еуропалық одақтастарды көндіру үшін маусымның 7-8 күндері Еуропаға сапармен барады. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.

АҚШ қаржы министрінің терроризммен күрес және қаржы барлауы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Адам Шубин қаржы және экономика министрліктерінің жоғарғы лауазымды шенеуніктерімен, сонымен бірге дипломаттармен және еуропалық жеке меншік банктер мен қаржы мекемелері өкілдерімен кездеспекші.

Мәскеу билігі Украинаға қатысты «Минск келісімдерін орындамайынша» еуропалық одақтастарды Ресейге қарсы санкцияларды қолдауға шақырумен бірге Шубин Иранмен жасалған ядролық келісімнің орындалуы туралы мәселелерді және «Иранға иек артатын терроризмге және өзге де іріткі салатын іс-әрекетке қарсы күрес бойынша күш-жігерді жалғастыру» жайын талқылайды» делінген АҚШ қаржы министрлігінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG