Accessibility links

Тбилисиде дін өкілдері рок-музыка фестивалін өткіздірмеді


Грузия астанасы Тбилиси қаласы. (Көрнекі сурет)

Грузия астанасы Тбилиси қаласы. (Көрнекі сурет)

Грузия астанасының шеткері жағында сенбі күні Tbilisi JAM Fest 2016 рок-музыка фестивалі ашылысымен бір топ адамды ертіп келген дін қызметкерлері шараны өткіздірмей тастады деп хабарлайды «Грузия онлайн» порталы.

Екі күнге жоспарланған фестивальге қатысушылардың бірінің айтуынша, дін өкілдері және олармен бірге келген азаматтар «сол маңда зират барын» және «музыка дыбысы шіркеуге дейін жеткенін» алға тартып, концертті тоқтатуды талап еткен. Куәгердің сөзінше, оқиға орнына келген полиция қақтығысқа жол бермеген.

Шараға қатысушылар концерт кезінде жарық өшіп қалғанын айтады. Электр қуатымен қамтамасыз ететін компания не себепті жарық сөніп қалғанын білмейтіндерін мәлімдеген.

Ұйымдастырушылар рок-музыка фестивалін басқа жерге ауыстыруды ойластырып жатқандарын айтқан.

XS
SM
MD
LG