Accessibility links

Тәжікстан: ВИЧ жұқтырған әйелдерден дені сау балалар дүниеге келген


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Тәжікстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, былтыр елде ВИЧ дертіне шалдыққан 66 әйелдің 65-і дүниеге дені сау бала әкелген. 2014 жылы елде ВИЧ жұққан 167 әйелдің 162-сінен өмірге дені сау нәресте келген. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлайды.

Бұл мәліметтер 4 маусым күні Душанбеде «Еуразия» қорының қаржылай қолдауымен «Хуршед» үкіметтік емес ұйымы өткізген Тәжікстан үкіметі жанындағы әйелдер және отбасы істері комитетінің конференциясында айтылған.

Тәжікстанның әр аймағынан жиналған гинекологтар мен отбасылық дәрігерлер және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан жиында ВИЧ дертіне шалдыққан әйелдерді кемсітушіліктен қорғау жолдары талқыланған.

XS
SM
MD
LG