Accessibility links

Сепаратистер бақылауындағы украин селосында Ленин ескерткішін құлатты.


Макеевка қаласында белгісіз біреулер бұзып кеткен Ленин ескерткішінің тұғырда қалған бөлігі. Донецк облысы, Украина, 5 маусым 2016 жыл.

Макеевка қаласында белгісіз біреулер бұзып кеткен Ленин ескерткішінің тұғырда қалған бөлігі. Донецк облысы, Украина, 5 маусым 2016 жыл.

Украинаның Донецк облысында, ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Макеевка қаласында белгісіз біреулер Ленин ескерткішін бұзып кеткен. Жергілікті тұрғынға сілтеме жасаған Укринформ-ның хабарлауынша, ескерткіштің құлаған үстіңгі жағы ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұғырда тек ескерткіште бейнеленген Лениннің аяғының азғантай бөлігі ғана қалған.

Коммунистер көсемі Лениннің тұрған қалпы бейнеленген биіктігі үш метр ескерткіш екі метрлік тұғыр үстіне орнатылған еді. Куәгердің айтуынша, қираған ескерткішті таңертең жабысқақ лентамен орап қойған. Хабарларға қарағанда, өткен қыста белгісіз біреулер бұл ескерткішке сары және көк бояу шашып кеткен.

Украинада 2015 жылдан бастап күшіне енген коммунистік кезең мұрасынан арылу туралы заңда ел аумағындағы Ленин ескерткіштерін алып тастау туралы бап та бар. Ал бірақ Киевке бағынбайтын аймақтарда Ленин ескерткіштері әлі тұр және оларды алып тастау жоспары жоқ.

XS
SM
MD
LG