Accessibility links

ІІМ Ақтөбедегі атыс туралы хабарды растады


2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбедегі атыс жайлы болуы ықтимал видеодан скриншот.
2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбедегі атыс жайлы болуы ықтимал видеодан скриншот.

Бүгін Ақтөбе қаласында болған атыс салдарынан екі адам зардап шеккен деп хабарлады жергілікті «Диапазон» басылымы. Қазақстан ішкі істер министрлігінің кезекші қызметкері Ақтөбеде бүгін атыс болғаны туралы хабарды Азаттыққа растады, бірақ өзге ақпарат бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі сағат екінің шамасында басталған. Басылымның жазуынша, белгісіз біреулер Ақтөбедегі аңшы қаруын сататын дүкенді тонаған. Сонымен бірге, 24-30 жас шамасындағы ер кісілердің қаладағы әскери бөлімдердің біріне шабуыл жасалғаны туралы бейресми ақпарат бар. Кейбір ақпараттар бойынша, полиция бірнеше күдіктіні қолға түсірген. Қазір қаланың бір ауданын полиция қоршауға алған, Ақтөбедегі Mega және Сити-центр сауда орындарынан адамдар жаппай шығарылған деп хабарлайды жергілікті басылым.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті өкілдері Азаттыққа бұл оқиғаға байланысты ақпарат беруден бас тартты.

Tengrinews сайты алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап, Ақтөбенің үш ауданында – бесінші ықшамаудан, филармония маңы мен «Паллада» аңшы қаруын сататын дүкен жанында арнайы операция жүріп жатқаны туралы хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақтөбедегі атыс туралы түсірілген суреттер және видеолармен бөлісіп жатыр, Ал ресми орындар атысқа қатысты әзірше түсініктеме берген жоқ.

Ақтөбедегі атыс деп сипатталған әлеуметтік желідегі видео:

XS
SM
MD
LG