Accessibility links

Фаллуджа түбінен топтап көмілген адам мүрделері табылды


Ирак үкімет әскері мен шиит жасақтары Фаллуджадағы ИМ шептерін артиллериядан атқылап жатыр. Ирак, 1 маусым 2016 жыл.

Ирак үкімет әскері мен шиит жасақтары Фаллуджадағы ИМ шептерін артиллериядан атқылап жатыр. Ирак, 1 маусым 2016 жыл.

Ирак билігінің мәліметінше, үкімет әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Фаллуджа қаласының түбінде 400-ге жуық адамның көмілген мүрдесін тапқан. Үкіметтегі құпия дереккөзінің хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі - содырлар басып алып, өлтірген әскерилер.

France Press агенттігінінің дереккөзі мүрделер территорияны минадан тазартып жүргенде табылған. Ол сонымен қатар қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар барын да айтқан. Анбар провинциясы билігі өкілінің айтуынша, бейбіт тұрғындар тыңшылық жасады немесе ИМ тәртібін бұзды деген айыптармен өлтірілген.

Ирак әскері екі апта бұрын АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскери-әуе күштерінің және шиит көтерілісшілерінің қолдауымен Фаллуджаға шабуыл бастаған. Үкімет күштері қазір қаланың оңтүстік аумағына бақылау орнатқан.

XS
SM
MD
LG