Accessibility links

Неміс саясаткері геноцид туралы дауыс беруден соң күзетке алынды


Германияның Жасылдар партиясының тең төрағасы Джем Оздемир.
Германияның Жасылдар партиясының тең төрағасы Джем Оздемир.

Германияның Жасылдар партиясының жетекшісі Джем Оздемир Германия парламенті Осман империясында армяндардың жаппай қырылуын геноцид деп танығаннан кейін жеке басына жасалған қоқан-лоққы жасалған соң күзетке алынды. Саясаткер Оздемир өкілінің айтуынша, партия бұрын-соңды мұндай қоқан-лоққы көрмеген.

2 маусымда неміс Бундестагы Жасылдар партиясының Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бір жарым миллион армянның қырылуын геноцид деп тану туралы қарарын бірауыздан мақұлдаған. Осман империясының мұрагері Түркия ол кезде бір жарым миллионнан аз армян қырылды дейді. Анкара армяндар христиан азшылығын жоспарлы түрде жою әрекетінен емес, азаматтық соғыстан қырылды деп санайды.

4 маусымда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "әлемде армян мәселесі Түркияны бопсалау құралы ретінде пайдаланылатынын" мәлімдеді. "Біз геноцид жасады деген айыппен мүлдем келіспейміз" деді Ердоған. Ол бұған қоса Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әрекеттері үшін армяндардың қырылуы туралы сөз қозғауға хақы жоқ.

Германияға дейін армяндар қырғынын 22 мемлекет геноцид деп таныған.

XS
SM
MD
LG