Accessibility links

Медведев Қырғызстан басшыларымен кездеседі


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.
Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін екі күндік ресми сапармен Бішкекке барады. Медведев мұнда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, премьер-министр Сооронбай Жээнбековпен кездеседі және ТМД елдері үкімет басшыларының жиынына қатысады. ТМД елдері үкімет басшыларының жиыны 7 маусымда өтеді.

Ресей - Қырғызстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. Қырғызстанның 2015 жылғы жалпы сауда көлемінің 24,9 пайызы Ресей үлесіне тиеді.

Қырғызстан мен Ресей Мәскеу бастаған Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше.

Алмазбек Атамбаев өткен аптада Астанада өткен ЕАЭО елдері басшыларының жиынында одақтың Қырғызстан экономикасы мен қырғыз саудагерлеріне зардап келтіріп жатқанын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG