Accessibility links

ІІМ: Ақтөбеде операцияда тағы 5 күдіктінің көзі жойылды


YouTube сайтында 5 маусымда жарияланған Ақтөбе көшесінде бетперде киген, қарулы адамдардың жүргені туралы видеодан скриншот.

YouTube сайтында 5 маусымда жарияланған Ақтөбе көшесінде бетперде киген, қарулы адамдардың жүргені туралы видеодан скриншот.

Ақтөбеде 6 маусымда террорға қарсы операциялар барысында бес "содырдың" көзі жойылды деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, "түнде жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері ұстамақ болғанда қарсылық танытқан күдікті бес адамның көзі жойылып, тағы екі күдікті ұсталған". "Қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар барлық қылмыскердің аты-жөні анықталды. Оларды іздеу, ұстау шаралары жүргізіліп жатыр" дейді министрлік.

Ұсталғандар қару-жарақ дүкендерінен тоналған қару-жарақтың біразы тәркіленген. ІІМ мәліметіне қарағанда, бір қару-жарақ дүкенінен 17 атыс қаруы, 3 газ тапаншасы, оқ-дәрілер мен пышақтар ұрланған. Полиция іздеу шаралары кезінде бұл қылмыстырға қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған.

ІІМ қазір Ақтөбедегі "ахуал тұрақты" екенін және кәсіпорындар мен қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Ақтөбеде контртеррорлық операция режимі енгізіліп, ішкі істер органдарының барлық жеке құрамының жұмысы күшейтілген.

5 маусым, жексенбі күні бір топ белгісіз адам Ақтөбедегі "Паллада" және Пантера" қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасаған. ІІМ дүкенге шабуылдан үш адам қаза тауып, шабуылдаған үш адамның атыс барысында көзі жойылғанын айтады. Ресми мәлімет бойынша, дүкендерге шабуылдан барлығы бес адам - оның ішінде үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын, бір шабуыл жасаушы жараланған.

Әскери бөлімге жасалған шабуылдан әскери үш қызметкер қаза тауып, алтауы жараланған. Полиция шабуыл жасап, қашып кеткен бірнеше күдіктіні іздеп жатыр.

XS
SM
MD
LG