Accessibility links

БАҚ: Ақтөбеде "Нұр сити" ықшамауданы қоршалды


Әлеуметтік желіде Ақтөбеде атыс болған жерден түсірілген деп сипатталған видеодан скриншот.
Әлеуметтік желіде Ақтөбеде атыс болған жерден түсірілген деп сипатталған видеодан скриншот.

Ақтөбеде бүгін "Нұр сити" ықшамауданында таңертең атыс үні естілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауданға кіреберісте полиция көліктерді тексеріп датыр. Облыстық ішкі істер департаменті бұл ақпаратқа қатысты комментарий беруден бас тартты.

5 маусымда Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге белгісіз адамдар шабуыл жасап, кем дегенде алты адам қаза тауып, оннан астам адам жараланған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қалада террорға қарсы операция жүргізіліп жатқанын айтып, қала тұрғындарын сабырлық танытуға және қырағы болуға шақырған. Ол қаладағы жағдай бақылауда екенін айтады. Қалада терроризм актісі жасалуы мүмкін екенін білдіретін қауіпсіздіктің "қызыл" деңгейі жарияланған.

Қорғаныс министрлігі Ақтөбедегі жағдайларға байланысты елдегі барлық әскери бөлімдердің "жұмысы күшейтілгенін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG