Accessibility links

Түркияда автобус апатынан 14 адам мерт болды


Түркиядағы автобус апаттарының бірі (Көрнекі сурет).
Түркиядағы автобус апаттарының бірі (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстігінде автобус суару каналына түсіп кетіп, кем дегенде 14 адам қаза тапты. Автобуста мектеп оұушылары, мұғалімдер мен ата-аналар болған.

Жол апаты 5 маусым күні кешке, автобус елдің оңтүстігіндегі Османие провинциясындағы ұлттық парк пен мұражайға саяхаттан қайтып келе жатқанда болған. Османие губернаторы Керем Альдің айтуынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Апаттан жүргізуші мен оның көмекшісі бірдей мерт болған.

Жол апатынан 26 адам жараланған.

Оқушылар Сириямен шектес Хатаи провинциясының Искендерун қаласынан барған.

XS
SM
MD
LG