Accessibility links

Сапарбаев: Террорға қарсы операция әлі аяқталған жоқ


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев (Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тұрған кезінде).
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев (Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тұрған кезінде).

Ақтөбеде арнайы операцияда көзі жойылған шабуылдаушылар саны 12 адамға жетті, қауіпсіздік күштерінің арнайы операциясы аяқталған жоқ деп мәлімдеді бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгін түстен кейін "Ақтөбе Ақпарат" орталығында мәлімдеме жасаған Сапарбаев бүгін шабуыл мен арнайы операция барысында көзі жойылған "қылмыскер" саны 12-ге жеткенін, 5-еуі қолға түскенін айтты. Әкім қалған қашып жүргендердің аты-жөндері анықталып, оларды ұстау шаралары жүріп жатқанын айтты. Бүгін Ақтөбе орталығындағы ауруханаларға арнайы операция болған бірнеше жаралы адам жеткізілген. Олардың арасында бейбіт тұрғындар мен күш құрылымдардарының өкілдері жоқ.

Сапарбаев сонымен қатар арнайы операцияда қаза тапқандар әскерилердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

Әкім бүгін қалада қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет пен медициналық мекемелер қалыпты жұмыс істеп жатқанымен, арнайы операция аяқталмағандықтан тұрғындарды әлі де сақ болуға, халықкөп жиналатын, көңіл көтеретін жерлерге бармауға шақырды.

Бүгін Ақтөбедегі супермаркеттер, үлкен мейрамханалар, көңіл көтеретін орындардың біразы жабық тұр. Қала үстінде кешеден бері тікұшақтар ұшып жүргені айтылады. Кеше кештен бері қалада интернет байланысы жоқ.

Бұған дейін ішкі істер мнистрлігі 5 маусымда Ақтөбеде қарулы топ екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге жасалған шабуылдан барлығы 17 адам, оның ішінде "діни радикалды топтың" 11 адамы оққа ұшқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG