Accessibility links

Ақтөбеде интернет қайта қосылды


Ақтөбедегі қарулы топ шабуылы кезінде түсірілген деп сипатталып, 5 маусымда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот.

Ақтөбедегі қарулы топ шабуылы кезінде түсірілген деп сипатталып, 5 маусымда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот.

Ақтөбеде интернет байланысы қалпына келтірілді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, интернет байланысы бүгін таңертеңгі сағат 7 шамасында қосылған. Интернет қалада 5 маусым - бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге жасаған күні түстен кейінгі сағат 4-терде істемей қалған еді.

Екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, дүкеннен біраз қару-жарақты алып кеткендердің бір бөлігі әскери бөлімге шабуылдаған. Дүкен мен әскери бөлімде қарулы топ пен полиция арасында атыс болған. Атыс пен одан кейінгі арнайы операциядан қаза тапқандардың жалпы саны ресми мәлімет бойынша осымен 19 адамға жетті. Олардың үшеуі - бейбіт тұрғын, үшеуі - әскери қызметкер, қалғаны - шабуыл жасады деген күдіктілер.

Ақтөбеде қазір террорлық қауіп-қатердің "қызыл деңгейі" жарияланған.

XS
SM
MD
LG