Accessibility links

Стамбулда жарылыстан 11 адам қаза тапты


Стамбулда бомба жарылысынан қираған автобус. Түркия, 7 маусым 2016 жыл.

Стамбулда бомба жарылысынан қираған автобус. Түркия, 7 маусым 2016 жыл.

Түркияда Стамбул қаласының орталығында бомба жарылып, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланды. BBC-дің хабарлауынша, бүгін таңертең кісі қарасы көп уақытта Везнечилер ауданында кетіп бара жатқан полиция көлігінде орнатылған бомба жарылған. Жарылыс қаланың туристер көп келетін тарихи Баязит алаңына жақын аумақта болған. Стамбул губернаторы Васип Сахиннің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында жеті полиция қызметкері бар. Жарылыстан кем дегенде 36 адам жараланған.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерде қираған автобус пен оның жанындағы ғимараттың алдыңғы қасбеті бұзылғаны көрінеді. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылыстан соң оқиға орнында атыс үні естілген.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының жасақтары Анкарамен жасасқан бейбіт келісім бұзылған 2015 жылдың шілдесінен бері полиция мен әскерилерге жиі шабуылдайды.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы да Түркияда бұған дейін болған бірнеше жарылысты өздері жасағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG