Accessibility links

Ақтөбеде мерт болған бейбіт тұрғындардың аты-жөні жарияланды


"Паллада" қару-жарақ дүкені жанындағы атыс кезінде жараланған полиция қызметкері Дәурен Оразбаев. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.

"Паллада" қару-жарақ дүкені жанындағы атыс кезінде жараланған полиция қызметкері Дәурен Оразбаев. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде 5 маусымдағы шабуылдардан қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шабуылдан қаза тапқандар - "Паллада" қару-жарақ дүкенінің сатушысы 1972 жылы туған Андрей Максименко, дүкен жанына өтіп бара жатқан, 1942 жылы туған Николай Анищенко, жедел күзет қызметкері, 1983 жылы туған Мейірхан Тәжібаев, "Пантера" қару-жарақ дүкенінде оққа ұшқан бейбіт тұрғын, 1981 жылы туған Михаил Матросов

Ал әскери бөлімге шабуылдан оққа ұшқан әскерилер - 1997 жылы туған Досбол Сапар, 1975 жылы туған Даниел Майлыбаев және 1979 жлы туған Берік Қалиев.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазірге дейін шабуыл жасады деген 13 күдіктінің көзі жойылған, төртеуі жараланып, жетеуіне іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG