Accessibility links

ІІМ "Қазақстанды азат ету армиясын" жоққа шығарды


Ақтөбеде қарулы шабуыл жасады деп сипатталған адамдар түскен YouTube видеосының скриншоты.

Ақтөбеде қарулы шабуыл жасады деп сипатталған адамдар түскен YouTube видеосының скриншоты.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі 7 маусымда «Қазақстанды азат ету армиясы» туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, бұл топ туралы ешқандай ақпараты жоқ екенін мәлімдеді.

«Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл ұйым туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ешқандай тексерістер де жүріп жатқан жоқ» деді министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та «Ақтөбеде 5 маусымда болған шабуылды «Қазақстанды азат ету армиясы» атты топтың мойнына алғаны» турпалы мәлімет тараған еді.

6 маусым күні Қазақстанның ішкі істер министір Қалмұхамбет Қасымов "Қазақстанды азат ету армиясы" туралы сұраққа комментарий бере алмайтынын айтқан.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі - бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы "қызыл сызығы" деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің "сары деңгейі" жарияланған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG