Accessibility links

Обама мен Моди қауіпсіздік пен атом энергиясы мәселелерін талқылады


АҚШ президенті Барак Обама мен Үндістан президенті Нарендра Моди. Нью-Дели, 25 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Үндістан президенті Нарендра Моди. Нью-Дели, 25 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 7 маусымда Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесіп, Вашингтон мен Нью-Дели арасындағы ықтимал қорғаныс келісімі және АҚШ-тың Үндістанның атом энергиясы секторына инвестиция салу жайын талқылады.

Ақ үй қауіпсіздік саласында "ынтымақтастық пен үйлестіруге" қатысты "маңызды ілгерілеу" болғанын мәлімдеді.

Кездесуден соң Обама мен Моди Үндістанның Атом энергиясы корпорациясы мен АҚШ-та орналасқан Westinghouse компаниясы екі ел арасындағы он жылдан астам уақытқа созылған азаматтық ядролық келісімнің соңғы сатысына жақындағанын мәлімдеді. Обама мен Моди бұл келісім бойынша Үндістанда алты ядролық реактор құрылысының дайындық жұмыстарының басталғанын құптады.

Екі ел басшыларының бірлесе жасаған мәлімдемесінде алты ядролық реактор салу жобасы іске асса Үндістанның ұлғайып келе жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандырып, қазба энегрия ресурстарына тәуелділігін азайтатыны айтылған.

Нарендра Моди бүгін АҚШ конгресі палаталарының бірлескен сессиясында сөйлейді.

XS
SM
MD
LG