Accessibility links

Ақтөбе іргесіндегі Ақжарда тұрғындарды тексере бастады


Ақтөбедегі "Ақбөбек" балабақшасы ауласында тұрған әскерилер таситын көлік. Сурет yvision.kz сайтынан алынды.
Ақтөбедегі "Ақбөбек" балабақшасы ауласында тұрған әскерилер таситын көлік. Сурет yvision.kz сайтынан алынды.

Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылына бүгін күндіз бірнеше автобуспен полицейлер жеткізіліп, тұрғындарды үйді-үйге кіріп, тізімдей бастады.

Өзін Ақжар тұрғыны Раушан деп таныстырған әйелдің Азаттыққа айтуынша, полицейлер үйді-үйге кіріп, үйде тұратын адамдардың тізімін алып жүр. Ауыл үстінен тікұшақ ұшып жүргені көрінеді.

Бүгін Ақтөбеде түске дейін шабуыл жасауға күдікті жүруі мүмкін деген себеппен Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан "Ақбөбек" балабақшасының аумағы қоршауға алынды.

Ақтөбе тұрғыны, жергілікті журналист Юлия Мининаның Азаттық тілшісіне айтуынша, ол бүгін таңертең балабақша маңынан 5 маусымдағы шабуылдарға күдікті ретінде іздеу жарияланған Дмитрий Таңатаровқа ұқсас адамды көргенін айтып, полиция шақырған.

- Бүгін таңертң балабақша маңынан қолында рюкзагы бар бір жігіттің алақ-жұлақ етіп кетіп бара жатқанын көрдім. Сосын ұялы телефонымнан іздеу салынғандардың суреттерін қарап, оның Таңатаровқа ұқсайтынын байқадым. Полицияға хабарлауды азаматтық міндетім деп санадым, - деді Минина.

Сәлден соң балабақша маңына полиция қызметкерлері келіп, өзінен түсініктеме алғанын, бүгін таңертеңнен бері үш тұрғын сол маңнан "Таңатаровты көргенін" айтып хабарласқанын айтқан. Бұдан соң балабақша маңына әскерилер таситын көлікпен беренді сауыт киген әскерилер жеткізіліп, балабақша айналасын қоршауға алған.

Қазір балабақша маңындағы қоршау алынып, полиция қарасы азайған.

XS
SM
MD
LG