Accessibility links

Ақтөбеде шабуыл құрбандарын жерлеу рәсімі өтіп жатыр


Ақтөбеде 5 маусым күні «Паллада» дүкені тұсынан өтіп бара жатқанда қарулы шабуылда қаза тапқан тұрғын Николай Александрович Онищенконының жерлеу рәсімі. 8 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде 5 маусым күні «Паллада» дүкені тұсынан өтіп бара жатқанда қарулы шабуылда қаза тапқан тұрғын Николай Александрович Онищенконының жерлеу рәсімі. 8 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде бүгін 5 маусымда қару-жарақ дүкендеріне жасалған шабуылдан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қала тұрғындары қаза тапқан Николай Онищенко, Михаил Матросов пен Андрей Максименконың үйлеріне гүл апарып жатыр. Үйлердің жанында полиция қызметкерлері жүр. Бұдан өзге, "Паллада" дүкенінде осы дүкен сатушысы Андрей Максименкомен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Кеше қаза тапқандар отбасыларына "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кіріп шыққан. Құл-Мұхаммед қаза тапқандардың туыстарына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айту білдіріп, Қазақстанда қару-жарақ дүкендерін жабу керек деген.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі - бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG