Accessibility links

9 маусым - Қазақстанда аза тұту күні


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 9 маусым Ақтөбедегі терактілерден қаза тапқандарды ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Ақорданың ресми сайтында бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімі жарияланды.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі - бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG