Accessibility links

Тәжікстанның экс-президенті қайтыс болды


Тәжікстанның бірінші президенті Каххор Махкамов.
Тәжікстанның бірінші президенті Каххор Махкамов.

Бүгін Тәжікстанның бірінші - 1990-1991 жылдардағы президенті Каххор Махкамов 84 жасында науқастан қайтыс болды. Оны ертең жерлемек.

Каххор Махкамов 1982-1986 жылдары Тәжікстан министрлер кеңесі төрағасы болған. Рахмон Набиев Тәжікстан компартиясы jрталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен кеткен соң ол орынға сайланған. 1990 жылы Тәжікстан жоғарғы кеңесі төрағасы болған Каххор Махкамовты сол жылы парламент елдің бірінші президенті етіп сайлаған.

Каххор Махкамов 1991 жылы 28 тамыздағы "Тамыз бүлігінен соң" наразы жұрттың қысымымен қызметінен кеткен.

Каххор Махкамов 1999 жылдан бері бұрынғы президент есебінде парламенттің жоғарғы палатасының өмірлік мүшесі атанған.

XS
SM
MD
LG