Accessibility links

Сирия оппозицияшыл күштері Мари қаласын қоршаудан босатты


Алеппо провинциясындағы Мари қаласының маңы, Сирия (Көрнекі сурет).
Алеппо провинциясындағы Мари қаласының маңы, Сирия (Көрнекі сурет).

Сириядан жеткен ақпараттарға қарағанда, АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен әуеден соққы беріп жатқан оппозициялық күштер Алеппо провинциясының Мари қаласын қоршаудан босатып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын шегіндірді.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, оппозициялық күштердің шабуылына Сирияның шығысында күрд жасақтарының ИМ-ге қарсы шабуылы да оң әсер етіп отыр.

Арасында күрдтер басым Сирияның демократиялық күштері Сирияның Түркиямен шекарасы бойынан территория иеленуге ұмтылып жатыр. Экстремистер мамырда Мари қаласына шабуылдап, қаланы Түркия территориясынан жабдықтайтын каналдарды үзген. Түркия осы аудандағы әскери қақтығыстардан қашқан бейбіт тұрғындар үшін шекарасын жапқан. Алеппо провинциясындағы анклавта 160 мыңға тарта адам қоршауда қалып қойған.

XS
SM
MD
LG