Accessibility links

Ресейде интернеттегі саудадан салық алынбақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей мемлекеттік думасы Ресей территориясындағы шетел интернет компаниялары көрсететін электрондық қызметтерге қосымша құн салығын енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы қабылданса, Ресейде интернетте кез-келген интернет бағдарлама, ойын, музыка, кітап, видео және басқа контентті сатуға "Google салығы" деп аталатын қосымша құн салығы енгізілмек.

Ресей қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай салық түрін енгізу бюджетке қосымша 10 миллиард рубль (шамамен 1,55 милилард доллар) шамасында қаржы түспек.

XS
SM
MD
LG