Accessibility links

Иракта жарылыстардан 20 адам қаза тапты


Бағдадтың Әл-Жадид көшесінде көшесінде болған жарылыс орны. Ирак, 9 маусым 2016 жыл.
Бағдадтың Әл-Жадид көшесінде көшесінде болған жарылыс орны. Ирак, 9 маусым 2016 жыл.

Иракта Бағдад пен оның түбінде екі жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Ирак полициясының хабарлауынша, Бағдадтың шииттер тұратын шығыс бөлігіне жақын коммерциялық Әл-Жадид көшесінде жарылғыш зат жасырылған көлік жарылған. Жарылыстан кем дегенде 15 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған.

Бағдадтың солтүстігіндегі Таджи қаласында да бомба жасырылған көлік жарылып, бес адам қаза атуып, 12 адам жараланды.

Жарылыстарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Дегенмен, соңғы айларда жсалған мұндай шабуылдардың түгелге жуығын "Ислам мемлекеті" мойнына алған.

Ирак үкіметі әскері бірнеше аптадан бері Бағдадтан батысқа қарай орналасқан Фаллуджа қаласын "Ислам мемлекеті" бақылауынан қайтарып алу үшін соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG