Accessibility links

ҰҚК: Ақтөбеде күдіктілерді ұстау операциясы жалғасып жатыр


Ақтөбе көшесінде тұрған полицейлер. 8 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе көшесінде тұрған полицейлер. 8 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жедел штабы 10 маусымда Ақтөбедегі терактілерге қатысы бар деген күдіктілерді ұстау операциясын жүргізіп жатыр деп хабарлады бүгін Ұлттық қауіпсізідк комитетінің ҰҚК ресми сайты.

"Террористер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Іс-шара жалғасып жатыр, нәтижелері қосымша хабарланады" деген ҰҚК операция нақты қай жерде жүріп жатқанына қатысты, я өзге де егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

ҰҚК мәліметінше, операция кезінде "тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген".

Маусымның 5-інде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 20 адам қаза тапқан. Олардың 13-і – «шабуыл жасады» деген күдіктілер, үшеуі - әскери қызметкер, төртеуі – бейбіт тұрғын.

Маусымның 5-індегі шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы – қызыл деңгейі, ал Қазақстан бойынша 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің сары деңгейі жарияланған.

XS
SM
MD
LG