Accessibility links

Мохаммед Әлидің жаназасына 14 мың адам қатысты


Мохаммед Әлидің мәйіті салынған табытты жаназа өтетін орынға әкеле жатыр. Луисвилл, АҚШ, 9 маусым 2016 жыл

Мохаммед Әлидің мәйіті салынған табытты жаназа өтетін орынға әкеле жатыр. Луисвилл, АҚШ, 9 маусым 2016 жыл

Даңқты боксшы Мохаммед Әлидің жаназасына 14 мыңға тарта адам қатысты. 9 маусымда Луисвилл қаласында ислам ғұрпымен өткен жаназаға барлық тілек білдіруші қатыса алды. Мохаммед Әлидің жаназасына әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылмандар жиналды.

Мохаммед Әли өзінің жерлеу ғұрпын он жыл бұрын жоспарлап, қоштасу рәсімі "өзі қалай өмір сүрсе, соны көрсететіндей" барлық нәсіл мен мен дін өкілдеріне ашық болғанын қалаған. Ол жаназаға кез-келген адам қатыссын, олардың арасында ақ нәсілділер мен қара нәсілділер, мұсылмандар, еврейлер мен христиандар да болсын деген. Жаназа спортшы 1960 жылы өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізген Freedom Hall аренасында өтті. АҚШ-тағы көрнекті ислам діни жетекшісі Заид Шакир Әлидің "барлығын бірдей жақсы көргенін" айтады.

Мохаммед Әли 3 маусымда 75-жасқа қараған шағында АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласының ауруханасында дүниеден өтті. Ол ондаған жылдар бойы Паркинсон дертімен ауырды.

Ол күні бүгінге дейін бокс тарихында ауыр салмақта үш мәрте әлем чемпионы атанған жалғыз адам. Мохаммед Әли рингте өткізген 61 жекпе-жектің 56-сында жеңіске жетіп, оның 37-ін нокаутпен ұтқан.

XS
SM
MD
LG