Accessibility links

ҚМДБ: Ақтөбеде шабуыл жасағандар мешітке көптен бармаған


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Серік Ораз қажы. Астана, 10 маусым 2016 жыл.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Серік Ораз қажы. Астана, 10 маусым 2016 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Серік Ораз қажының айтуынша, Ақтөбе қаласында шабуыл жасағандар бір жылдан бері "жергілікті мешіттерге келмеген". Бұл туралы Серік Ораз қажы бүгін Астанада "Эксперт клуб" пікірталас клубының отырысында айтты.

- Ақтөбедегі шабуылға қатысқандар - толықтай мешітке бармағандар. Біз оны қарадық, имамдармен сөйлестік, сұрадық. Имамдар "Алды бір жыл бұрын келген, соңы жарты жылдан бері келмеген, көрмейміз" дейді. Демек, ол адамдар мешітке барып жүргенде біздің діни ұстанымымызды толық қабылдай алмаған соң басқа жерде жиналған деген мәселе туады. Мәселен, белгілі бір кісінің баласы дүниеге келіп, сол жерде жиналады, содан кейін 40-50 адамның жартысы күрес жасауға келіседі, сөйтеді де көшеге шығып, сонымен қызды қыздымен кетіп қалған нәрсе. Ал мешітке келген адамдарға қызмет көрсетіп, алдымыздағы әрбір адамның портретін жасап, қалай ықпал етуге әсер етсем, өз жағым қаратсам екен деген нәрсе әрбіріміздің ойымызда тұрады, - деді Сері Ораз қажы.

Ақтөбеде 5 маусымда бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 13 "шабуыл жасаушы" мен жеті бейбіт тұрғын - үш әскери қызметкер мен төрт тұрғын мерт болған. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде шабуылға күдіктілерді ұстау операциясы кезінде "өз еркімен берілуден бас тартып, оқ атқан" бес күдіктінің көзі жойылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG