Accessibility links

БАҚ: Ақтөбеде көзі жойылғандардың кім екені "анықталды"


Ақтөбедегі арнайы операция жүрген аудан. 10 маусым 2016 жыл.
Ақтөбедегі арнайы операция жүрген аудан. 10 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде бүгін террорға қарсы операция кезінде көзі жойылды делінген күдіктілердің кім екені анықталды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің өкілі Виталий Беспалькоға сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Олардың кім екені бірден анықталды. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр" деген Беспалько. Бірақ ол мерт болғандардың аты-жөнін жарияламаған. ҰҚК өкілінің сөзінше, операция кезінде күштік құрылымдар қызметкерлерінен ешкім зардап шекпеген.

Бұның алдында ҰҚК 10 маусымда Ақтөбедегі Некрасов көшесіндегі көпқабатты үйде жеті сағатқа созылған арнайы операция барысында 5 маусымдағы шабуылдарға күдікті төрт адамның көзі жойылғанын, сонымен бірге қаладағы бүгін Мясоедов пен Арынов көшелерінің қиылысында полиция патруліне оқ атқан бір күдіктіні полиция атып өлтіргені туралы хабарлаған.

Бұған дейін жарияланған ресми мәліметте Ақтөбеде 5 маусымда қарулы топ жасаған шабуыл мен оған күдіктілерді ұстау операциясы барысында барлығы 20 адам қаза тапқан деп хабарланған. Олардың жетеуі бейбіт тұрғын, 13-і – шабуылға күдіктілер екені айтылған.

XS
SM
MD
LG