Accessibility links

Полиция «терроршылар тізіміне» еніп кеткен ағайындылардан кешірім сұрады


Ақтөбеде 5 маусымда қарулы топ шабуылы кезінде әскери қызметкер қаза тапқан жердегі гүлдер.

Ақтөбеде 5 маусымда қарулы топ шабуылы кезінде әскери қызметкер қаза тапқан жердегі гүлдер.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті басшылығы жергілікті тұрғындар – ағайынды Самат және Санат Қожаниязовтардан олардың аты-жөні Ақтөбеде 5 маусымда болған қарулы шабуылдарға күдіктілер тізіміне еніп кеткені үшін кешірім сұраған. Бұл туралы kaztrk.kz сайты хабарлады.

Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында тұратын мектеп жұмысшысы Самат Қожаниязов апта басында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарынан өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында жасалған қарулы шабуылдарға күдіктілердің ресми тізімнен өз аты-жөні мен суретін кездестірген. Арада бір күн өткенде оның інісі Санат Қожаниязовтың аты-жөні, тіпті туған ай-күніне дейін интернетте тараған «көзі жойылған күдіктілер» тізімінде аталған.

Бұған дейін Батпақкөл селолық округінің әкімі Жазықбай Алданиязов Азаттыққа Ақтөбеде шабуыл жасалған күні ағайынды Қожаниязовтардың облыс орталығынан жүз шақырымнан алыс Жағабұлақ ауылында әкелеріне садақа беріп жатқанын айтқан еді.

Ақтөбедегі шабуылдар кезінде төрт бейбіт тұрғын мен ұлттық гвардияның үш әскери қызметкері қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG