Accessibility links

Ресей: ФСБ журналист Евгений Киселевтің үстінен қылмыстық іс қозғады


Журналист Евгений Киселев.
Журналист Евгений Киселев.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) журналист Евгений Киселевтің үстінен «терроризмге шақыру» айыбымен қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы журналистің өзі «Эхо Москвы» сайтындағы блогында хабарлады. Украиналық әскери қызметші Надежда Савченко Ресей түрмесінде отырған кезде Киселев оған қолдау білдірген. Ол украиналық басылымдардың бірінің «Украина билігі Савченконы босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отыр ма?» деген сауалына «бұдан да қатаңырақ әрекет етуге болар еді» деп жауап бергенін жазады блогында.

Киселевтің сөзінше, Мәскеуде тұратын енесінің пәтеріне арнайы қызмет өкілдері тінту жүргізген, бірақ ештеңе алмаған.

Евгений Киселев бұған дейін әйелі тергеуге шақырылғанын, бірақ Конституцияның 51-бабына (өзіне және жақын туыстарына қарсы куәлік етпеу) жүгініп, куәлік беруден бас тартқанын айтады. Қазір оны тергеушіге күштеп жеткіземіз деп қорқытып жатыр деп жазады Киселев.

2008 жылдан бері Украинада тұрып, еңбек етіп жатқан Евгений Киселевтің өзі соңғы үш жылда Ресейге бармаған.

XS
SM
MD
LG