Accessibility links

ҰҚК Ақтөбеде үшінші күдіктінің ұсталғанын хабарлады


Арнайы операция өтіп жатқан аудан. Ақтөбе, 10 маусым 2016 жыл.
Арнайы операция өтіп жатқан аудан. Ақтөбе, 10 маусым 2016 жыл.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жексенбіде жарияланған ақпаратта Ақтөбедегі қарулы шабуылдарға қатысты іздеудегі үш адамның сол қалада ұсталғаны айтылған.

ҰҚК мәліметінде Ақтөбе облыстық антитеррорлық штабына күдіктілерге қатысты түскен деректі тексеру барысында олардың жасырынған жері анықталғаны айтылған. Бұдан соң Жаманқұлов көшесіндегі 15-үйге арнайы шара жүргізілген.

«Б.Қуанышбаев, А.Таңатаров және А.Ақпанбетов ұсталды. Қашуға әрекет жасаған Ақпанбетов аяғынан оқ тиіп жараланды» делінген ресми хабарламада. Сонымен бірге ұсталғандардан «5 маусымда «Паллада» дүкенінен ұрланған» екі қару алынғаны хабарланды.

Мұның алдында ҰҚК 12 маусымда арнайы шара барысында екі адам - Б.Қуанышбаев пен А.Ақпанбетов ұсталған деп хабарлаған еді.

Ақтөбеде 5 маусымда екі қару дүкені мен әскери бөлімге қарулы топ жасаған шабуыл мен күш құрылымдарының күдіктілерге қарсы арнайы операциялары барысында, ресми деректер бойынша, барлығы 20-дан астам адам қаза тапқан. Олардың үшеуі әскери, төртеуі – бейбіт тұрғын.

XS
SM
MD
LG