Accessibility links

Киевте «Теңдік шеруіне» жүздеген адам шықты


Киевтегі «Теңдік шеруіне» қатысушылар. 12 маусым 2016 жыл.

Киевтегі «Теңдік шеруіне» қатысушылар. 12 маусым 2016 жыл.

Киевтің орталығында бүгін ЛГБТ қауымдастығы ұйымдастырған «Теңдік шеруіне» жүздеген адам қатысты. Шараға қатысушылар қолдарына украиналық символикалар мен түрлі-түсті тулар ұстап шықты. Шерушілер қатарында саясаткерлер мен дипломаттар да бар.

Шерушілер жиналатын жердің төңірегін полиция қызметкерлері қоршап, бақылап тұр, жақын маңда бірнеше полиция автобустары байқалады. Акция өтіп жатқан тұстағы көшелер жабылған.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, шара өтіп жатқан жерге келген белгісіз бір ер адам шеруге қатысушылардың бірінің қолынан Украина туын жұлып алып, жалауды «қорламауды» талап еткен. Бұдан соң ол адамды полиция ұстап, автобусқа қарай алып кеткен.

XS
SM
MD
LG