Accessibility links

Шанхай әуежайында белгісіз адам жарылыс жасады


Шанхай әуежайындағы бақылау камерасына түсіп қалған жарылыс. Қытай, 13 маусым 2016 жыл.

Шанхай әуежайындағы бақылау камерасына түсіп қалған жарылыс. Қытай, 13 маусым 2016 жыл.

Қытай билігінің мәліметінше, Шанхай халықаралық әуежайында ер адам қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны іске қосып, кейін өзін өлтірмек болған. Жарылыстан төрт адам жараланған. Қала билігі өкілдерінің мәлімдеуінше, белгісіз ер адам тіркеу залында жарылғыш зат толтырылған шөлмек лақтырған. Бұдан соң ол өзінің тамағын кесіп жіберіп, қазір хал үстінде жатыр.

Әзірге жарылыс жасаған адамның аты-жөні айтылмайды. Мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, жараланғандарға бомба жарықшақтары тиген. Жарылыстан рейстер кестесі бұзылғанымен, кейін әуежай қалыпты жұмыс істей бастаған.

XS
SM
MD
LG