Accessibility links

Балтық бойы елдері зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатпақ


Зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).

Зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).

Польша мен Балтық бойы елдері - Латвия, Литва және Эстония Ресей ұшақтарынан қорғану үшін аймақтық зымыраннан қорғаныс жүйесін құру туралы әскери мердігерлермен келіссөз бастап кетті. Financial Times газетінің Литва қорғаныс министрі Юозас Олекасқа сілтеме жасап хабарлауынша, Эстония, Литва, Латвия және Польша қазір аймақтық әуе қорғанысы жүйесін құру жайын талқылап жатыр.

Олекас төрт ел қазір "сатып алу жайын талқылап жатқанын" және зымыраннан қорғаныс жүйесі екі-үш жыл ішінде қолданысқа енетінін айтады. Төрт ел Ресейдің өздерімен шекарасында және Балтық теңізіндегі анклавы Калининградта әскери әуелетін нығайтып жатқанына алаңдайды.

Олекс сонымен қатар төрт ел Ресейдің аймақта әскери-әуе күші жағынан да басымдығына алайдайтынын айтады. Шілденің басында Варшавада НАТО саммиті өтеді. Саммитте НАТО-ға мүше елдер басшылары Ресейдің әскерін көбейтіп, әскери әлеуетін күшейтіп жатқанына жауап ретінде альянстың шығыс шекарасындағы әскерін көбейтуге келіседі деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG