Accessibility links

Трамп АҚШ-қа мұсылмандарды кіргізбеуге тағы шақырды


Дональд Трамп.

Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге кандидат Дональд Трамп Орландодағы шабуылға берген комментариінде АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы ұсынысын тағы қайталады.

12 маусымға қараған түні Орландодағы гей-клубқа қарулы адам басып кіріп, ондағыларға жаппай оқ атып, адамдарды кепілге алған. Шабуылдан 50 адам қаза тауып, 53-і жараланып ауруханаға түскен. Полиция қылмыскер тапаншамен және авоматпен қаруланғанын айтады. Шабуылдаушы әуелде түнгі сағат 2 шамасында клубта оқ атып, сосын көшеге шығып, шұғыл шақырылған полиция қызметкерлерімен атысқан. Бұдан соң ол клубқа қайта кіріп, 30-ға тарта адамды кепілге алған. Полиция шабуылдаушыны полиция атып өлтіріп, кепілдегілердің барлығын босатқан.

Дональд Трамп Twitter-де "радикалды ислам тероризміне" қатысты ұстанымы дұрыс болғанын айтып, "Орландодағы жағдай қауіптің тек басы" екенін жазды. Трамп бұған қоса ел басшылығын "әлсіз" деп атап, елге мұсылмандардың кіруіне тыйым салып, "қатаңдық" танытуға шақырды. Ол АҚШ президенті Барак Обаманы отставкаға кетуге, ал Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түсуден үмітті Хиллари Клинтонды сайлаудан шығуға шақырды.

XS
SM
MD
LG