Accessibility links

Баян Есентаеваның күйеуі екі айға қамалды


Полиция көліктері (Көрнекі сурет).
Полиция көліктері (Көрнекі сурет).

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаеваның жұбайы, әйелін "өлтіруге оқталды" деген күдікке ілінген Бақытбек Есентаев екі айға қамалды деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бұған дейін 10 маусымда Баян Есентаеваның Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасына дене жарақатымен түскені, жұбайы Бақытбек Есентаевты полиция ұстап, оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен үш тәулікке қамалғаны хабарланған. ІІД Талғар аудандық соты Бақытбек Есентаевты "кісі өлтіруге оқталды" деп күдіктеніп, тергеушінің өтініші бойынша екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға қаулы шығарған.

Жергілікті ақпарат құралдары Есентаеваның денсаулығы ауруханада жасалған операциядан соң өз-өзіне келіп, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалағанын хабарлап жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, Баян Есентаеваға бас-сүйегі мен миы зақымдагып, миы шайқалған, денесіне пышақ жарақаттары түскен деген диагноз қойылған.

42 жастағы Баян Есентаева актриса, әнші әрі тележүргізушілігімен бірге қазақстандық жекелеген әншілер мен музыкалық топтардың продюсері ретінде де жұртқа танылған.

XS
SM
MD
LG