Accessibility links

Министрлік: Ақтөбеде 5 маусымнан бері 40 адам ауруханаға әкелінде


Ақтөбеде арнайы операция болған ауданда тұрған полиция көлігі. 12 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде арнайы операция болған ауданда тұрған полиция көлігі. 12 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе қаласының ауруханаларында шабуылдар мен одан кейінгі террорға қарсы операцялардан жараланғандардың қазір сегізі жатыр. Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігігінің хабарлауынша, сегіз адамның халі орташа дәрежеде ауыр деп бағаланады.

Министрлік мәліметінше, соңғы он күнде Ақтөбедегі ауруханаларға 40 адам жеткізілген. Олардың төртеуі - облыстық ауруханаға, 34-і - жедел жәрдем ауруханасына, екеуі - теміржол ауруханасына апарылған. Стационарлардың қабылдау бөлімінде 17 науқасқа амбулаториялық емдеуге кеңес беріліп, 23 зардап шегуші ауруханаға жатқызылған. Олардың үшеуі ауруханада көз жұмып, 12-сі ауруханадан шығарылған. 5 маусымда жараланған әскерилердің бірі Астанадағы нейрохирургия орталығында емделіп жатыр.

12 маусымда Ақтөбеде 5 маусымда жасалған қарулы шабуылдардан кейін басталған терроризмге қарсы операцияның аяқталғаны туралы хабарланған. Шабуылдар салдарынан төрт бейбіт тұрғын мен үш әскери қызметкер қаза тапқан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі қылмысқа күдікті 9 адам ұсталып, 18-інің көзі жойылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG