Accessibility links

Өзбекстанда экстремизм айыбымен сотталушының адвокаты босатылды


Экстремизм айыбымен сотталған Арамаис Авакян.
Экстремизм айыбымен сотталған Арамаис Авакян.

Өзбекстан билігі экстремизм қылмысы бойынша айыпты деп танылған этникалық армянның адвокаты Олим Кобиловты түрмеден шығарды. Кобилов наурыз айында қамалып, пара алды және бопсалады деген айыптар тағылып, жеті жылға сотталған еді. Азатттықпен телефон арқылы әңгімеде ол түрмеден босатылғанын, қазір үйінде екенін айтып, басқа ақпарат бермеді.

Ақпан айында Кобилов қорғаған 34 жастағы Арамаис Авакян Жизақ облысында экстремистік әрекет жасады деген айыппен жеті жылға сотталған. Бұл іс бойынша барлығы бес адам бес жарым жылдан 12 жылға дейінгі мерзімдерге сотталған.

Қыркүйек айында ұсталған Авакян сотта бір өзі ғана тағылған айыпты мойындамаған. Оның туыстары Пахтакордың жергілікті билігі Авакяннан балық фермасын тартып алу үшін айыпты ойдан шығарған деп санайды.

XS
SM
MD
LG