Accessibility links

Обама: ИМ-нің Орландодағы шабуылға "тікелей қатысы" барына дәлел жоқ


Орландодағы Pulse гей-клубына шабуыл жасады деп танылған Омар Матин.
Орландодағы Pulse гей-клубына шабуыл жасады деп танылған Омар Матин.

АҚШ президенті Барак Обаманың сөзінше, 12 маусымда Флорида штатының Орландо қаласында түнгі гей-клубта 49 адамды атып өлтірген адам - Омар Матиннің шетелден тапсырма алғанына көрсететін айғақ жоқ. Обаманың мәлімдеуінше, тегі ауған америкалық Омар Матин исламшылдар ықпалында болғанымен, оның шетелден нұсқау алғанына дәлел жоқ.

Обама сонымен қатар шабуыл алдында құтқару қызметіне қоңырау шалып, экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына адал екенін білдірген 29 жастағы Матин интернеттегі экстремистік мазмұндағы ақпараттардан шабыт алған сияқты дейді.

АҚШ тарихында бұрын-соңды болмағна мұндай ауқымды шабуылды жасаған Матинді полиция атып өлтірген. ИМ тобы шабуылға өз содырының қатысы болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG