Accessibility links

Қасымов: Өлген күдіктілер жайымен ҰҚК айналысып жатыр


Ақтөбедегі шабуылдар кезінде түсірілген деп 5 маусымда әлеуметтік желілерге жарияланған видеодан скриншот.

Ақтөбедегі шабуылдар кезінде түсірілген деп 5 маусымда әлеуметтік желілерге жарияланған видеодан скриншот.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбеде шабуыл жасап, көздері жойылған күдіктілерге қатысты мәселені Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚК) айналысып жатқанын мәлімдеді.

Бүгін Астанада Ақтөбедегі оқиғаларға қатысты қорытынды есеп берген Қасымовқа Азаттық тілшісі "Шабуылға қатысты күдікті деп көзі жойылғандардың аты-жөні, тізімі неге жарияланбайды?" деп сұраған. Қасымов бұл мәселемен ҰҚК айналысып жатқанын ғана айтты.

Ақтөбеде 5 маусымда жасалған қарулы шабуылдардан төрт бейбіт тұрғын мен үш әскери қызметкер қаза тапқан. Шабуылға байланысты терроризмге қарсы операция жүргізіліп, облыста террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы "қызы деңгейі" жарияланған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмысқа күдікті 9 адам ұсталып, 18-інің көзі жойылғанын хабарлаған. Қазір антитеррорлық операциялар аяқталып, террорлық қауіп-қатер деңгейі "сары" деңгейге төмендетілді.

XS
SM
MD
LG