Accessibility links

Ақтөбе облысында қорғаныс істері департаменті басшысы ұсталды


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Ғалымжан Жантөрин ұсталды. Коррупцияға қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, полковник Ғалымжан Жантөрин бүгін пара алды және бопсалады деген күдікпен ұсталған. Күдікті Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақтөбеде өткен аптада бір топ қарулы адам шабуыл жасап, антитеррорлық операция жүргізілген. Шабуыл салдарынан төрт жергілікті тұрғын мен үш әскери қаза тапқан.

"Жантөриннің бопсалау арқылы ауданды қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшыларынан кандидаттардың медициналық комиссиядан кедергісіз өтіп, әскери-техникалық мектепке түсуі, әскерге шақырылғандардың борышын өтеуін кейінгі қалдыру және жалпы әскерилерді қорғап жүру үшін пара алғаны анықталды" делінген антикоррупциялық қызмет таратқан хабарламада.

XS
SM
MD
LG