Accessibility links

Асқар Мырзахметов вице-премьер болды


Вице-премьер әрі ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.
Вице-премьер әрі ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов вице-премьер болып тағайындалды. Қазақстан президенті әкімшілігі сайтында жарияланған тағайындау туралы жарлық бойынша, Мырзахметов вице-премьер қызметі мен ауылшаруашылығы министрі қызметін бірге атқармақ.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, премьер-министр Кәрім Мәсімов Мырзахметовтің жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіретінін айтқан.

Асқар Мырзахметов бұрын биліктегі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ауылшаруашылығы министрі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болған. Мырзахметов екінші рет ауылшаруашылығы министрі болып биыл мамырдың басында - Қазақстанда үкіметтің ауылшаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсылық шаралары күшейген соң Асылжан Мамытбековтың орнына тағайындалған.

XS
SM
MD
LG