Accessibility links

Универсиаданы ұйымдастыру дирекциясының басшысы ауысты


Қысқы универсиада үшін салынып жатқан мұз арена (Сурет универсиаданы ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінен алынды).
Қысқы универсиада үшін салынып жатқан мұз арена (Сурет универсиаданы ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінен алынды).

2017 жылы өтетін дүниежүзілік қысқы ойындар универсиадасына дайындық дирекциясының басшысы болып Наиль Нұров тағайындалды деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. Нұров бұл қызметіне дейін Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

Универсиадаға дайындық дирекциясын бұған дейін Әсет Әбдуалиев басқарған.

Алматыдағы қысқы универсиада 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған. Дирекция мәліметінше, қазірге дейін жарысқа қатысуға 35 ел тіркелген. Универсиада жарыстары сегіз спорт ғимаратында 12 спорт түрі бойынша өтеді.

Бұған дейін универсиаданың операциялық бюджеті бастапқыдағы 32 миллиард теңгеден 17 милилард теңгеге азайтылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG