Accessibility links

Ресей мен Украина сотталған төрт азаматын айырбастады


Ресейде сотталған украиналықтар елдеріне қайтып келе жатқан сәт.
Ресейде сотталған украиналықтар елдеріне қайтып келе жатқан сәт.

Мәскеу мен Киевтегі дерек көздерінің хабарлауынша, Ресейде сотталған украиналықтар Юрий Солошенко мен Геннадий Афанасьев бүгін Киевке ұшып шыққан.

Азаматтық белсенді, "Оңшыл сектор" ұйымының мүшесі Геннадий Афанасьев Қырымда террористік ұйым құрды деген айыппен жеті жылға сотталған. "Мемориал" құқық қорғау орталығы оны саяси тұтқын деп таныған.

Ал украиналық "Заря" өндірістік кәсіпорны" қорғаныс заводының (Полтава) бұрынғы директоры, 73 жастағы Юрий Солошенко "тыңшылық жасады" деген айыппен алты жылға сотталған. Ол айыпты мойындамайды.

Бүгін Украинада сепаратизм айыбы тағылған одессалықтар Елена Глищинская мен Виталий Диденко да Мәскеуге жөнелтілген.

Журналист, "Новая волна" телекомпаниясының директоры Елена Глищинская Украинада 2015 жылы сәуірде тұтқындалып, "сепаратизм және мемлекеттік сатқындық" бабымен айыпталған.

"Инфоцентр" сайтының бас редакторы Виталий Диденко да былтыр тұтқындалып, "Украинаның территориялық тұтастығына нұқсан келтірмек болды" деп айыпталған.

XS
SM
MD
LG