Accessibility links

Францияда ондаған ресейлік жанкүйер ұсталды


Ресейлік футбол фанаттары мен ағылшын жанкүйерлері арасындағы жанжал. Франция, Марсель, 1 маусым 2016 жыл.
Ресейлік футбол фанаттары мен ағылшын жанкүйерлері арасындағы жанжал. Франция, Марсель, 1 маусым 2016 жыл.

Франция билігінің мәліметінше, ресейлік 43 футбол жанкүйері футболдан Еуропа біріншілігі кезіндегі қақтығыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Олар Ресей құрамасының кезекті маты өтетін Францияның оңтүстігіндегі Лиль қаласына бет алған.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, прокуратурада ұсталғандардың біразының өткен аптада Марсельде болған қақтығысқа қатысқаны туралы сенімді ақпарат бар.

11 маусымда ресейлік футбол фанаттары Ресей-Англия құрамаларының матчынан соң ағылшын жанкүйерлерімен қақтығысқан. Ойын аяқталғанда ресейліктер стадиондағы ағылшындарға тиіскен. Марсельде болған қақтығыста жараланған 35 адамның көпшілігі - ағылшындар. Француз билігі 150-ге тарта ресейліктің "өте жақсы дайындықпен келгенін" және "әсіре зорлық таныту әрекеттерін" жасауға дайын болғанын айтады.

12 маусымда тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен алты британдық қамалған. Еуропа футбол қауымдастығы одағы (UEFA) "қақтығыс жалғасса, бұл екі елдің командаларын біріншіліктен шығаратынын" айтқан. UEFA 14 маусымда Ресейге "егер құраманың келесі кез-келген матчында стадионда мұндай оқиғалар болса, бірден жарыстан шығатынын" ескертті.

XS
SM
MD
LG