Accessibility links

Еуропа соты: Грузия экс-премьерін қамау ішінара заңсыз болған


Вано Мерабишвили.

Вано Мерабишвили.

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты 2013 жылы Грузияның бұрынғы премьер-министрі Вано Мерабишвилидің ұсталуын ішінара заңсыз деп таныды. Страсбург соты Грузия үкіметін Мерабишвилиге құқығы бұзылғаны үшін 12 мың еуро төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі бойынша, Грузия соты 2013 жылы қыркүйекте экс-премьерді алдын ала қамауды "оны ары қарай да қамауда ұстауды ақтайтын жаңа нақты фактілердің барына көз жеткізбей" ұзартқан және "сотқа дейінгі шектеу шараларының басқа да жолдарын қарастырмаған".

Сот шешімінде билік Мерабишвилиді қамауда ұстауды "басқа қылмыстық істе ықпал ету тетігіне ие болу үшін" қолданғаны айтылады. Меравишвили экс-президент Михаил Саакашвилидің серігі болған. Саакашвилидің жақтастарының қамалуы Батыс елдерін Грузияға адамды таңдап, екшеп соттауға және сот жүйесін саяси қарсыластарын қудалауға қатысты ескерту жасауға мәжбүрлеген.

XS
SM
MD
LG