Accessibility links

Әлиев пен Саргсян Ресейде кездеседі


Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Ресей президенті 20 маусымда Санкт-Петербургте Таулы Қарабақ жанжалы мәселесіне қатысты Армения және Әзербайжан президенттерімен кездеседі деп хабарлады Кремль.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков "Мәскеу Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсянның кездесуін ұйымдастырып, Таулы Қарабақ жанжалы мәселесіндегі ара ағайындық миссиясын жалғастыратынын" мәлімдеді.

Саргсян мен Әлиев соңғы рет өткен айда Венада кездескен.

Сәуірдің басында Таулы Қарабақта Армения қолдайтын сепаратистер мен Әзербайжан әскері арасында төрт күнге созылған қақтығыс болып, сосын екі жақ бітім жасасқан.

Өткен айда Армения мен Әзербайжан президенттері атысты тоқтату және қақтығысты бейбіт реттеуге дайын екендерін білдірген.

Әзербайжан мен Армения арасында 1990 жылдардың басында Таулы Қарабақ аймағына қатысты соғыс болып, кейін бітім жасалған. Негізінен этникалық армяндар тұратын территория 1988-1994 жылдардағы соғыста Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған. Ол қақтығыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG